Renault жаңалықтары

2019 << 2020 << ЯНВАРЬ 2021
Лицом автомобиля Renault ARKANA стал Тауекел Мусилим
Renault тобы халықаралық кинофестивальдердің серіктесі және киноиндустрияны белсенді қолдайды. Жас актер Тәуекел Мүсілімді ел ішінде қыркүйек айынан бастап сатыла бастаған Қазақстандағы Renault ARKANA жаңа моделінің амбассадоры рөліне таңдау қисынды қадам болды. Тәуекел - өмірлік құндылықтары Renault рухына жақын, адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгерту міндетін көздеген жігерлі және икемді адам. Амбассадор ретінде Тәуекел қазан айында Renault Arkana жаңа купе-кроссоверінің тест-драйвынан өтуге және оны Қазақстан жолдарында сынауға айрықша мүмкіндік алды. Тәуекелдің өзі: "Renault ARKANA тұрақты түсірілімдер мен non-stop кестесі ұтқыр болу қажеттілігімен үйлесім тапқан менің өмір салтыма өте жақсы сәйкес келеді,сонымен бірге жайлылығы мен сұлулығы өте тартымды. Renault амбассадоры болу өте беделді, еуропалықтардың бұл брендті жақсы көретінін ылғи байқайтынмын. Қазақстанда сенімді машиналарға басымдық беріледі, сондықтан Қазақстанда да Renault-ны жақсы біледі және жақсы көреді деп сеніммен айтуға болады. Менің амбассадор ретіндегі басты міндетім - осы халықаралық брендтің лайықты өкілі болу және жаңа Renault ARKANA-ның барлық артықшылықтарын тиісті деңгейде көрсету" деді. 

Қазақ ТД тарихындағы ең жоғары рейтингке ие болған "Махаббатым жүрегімде" деген қазақстандық телехикаядағы рөлі Тәуекел Мүсілімге үлкен жетістік әкелді. Сондай-ақ ол бірнеше халықаралық жобаларда ойнады және тележүргізуші ретінде сұранысқа ие, НТК-дағы "Ревю" және Qazaqstan TV-де "Сәлем, Қазақстан!" бағдарламаларын жүргізеді. Инстаграмдағы жеке парақшасында 1,8 миллион жазылушысы бар. 

Тәуекел медиа және әлеуметтік желілердегі Renault ARKANA жарнамалық науқанына қатысады: басты рөлді Тәуекел сомдайтын бейнероликті көре аласыз, сондай-ақ Nur.kz сайтындағы сұхбатты оқи аласыз.