TREZOR Concept

Керемет болашаққа қош келдіңіз! Екі орындық Renault TREZOR электр тұжырымдамасы - концепт-карлардың жаңа дәуірінің бастамасы, болашақ модельдер стилі мен технологиясының көрінісі.
Экстерьер дизайны     
Renault Z32 Concept
Шанақтың инновациялық құрылымы
Renault TREZOR Concept көмір пластикасынан жасалған және контрастылы жоғарғы бетті шанағымен таңқалдырады. Алдыңғы бөліктің аздап жылтыры осы концепт-кардың динамикалығын көрсетеді. Артқы жағының алтыбұрышты пішіні оның спорттық жоғары технологиялық сипатын көрсетеді. Оған әйнектердің қызыл жақтауы мен металлик бояуын қосыңыз!
Renault Z32 Concept
Спорттық автокөліктерден алынған дизайн
Renault TREZOR Concept капотында соте түрінде жасалған ауа қабылдағыштар орналасқан, олар автокөліктің артқы жағының безендірілуіне сәйкес келеді. Жүргізуші жағында жанармай багы аузының дәстүрлі қақпағының орнына қуат деңгейінің аналогтық индикаторы орнатылған. Артқы шамдардың айрықша талшықты-оптикалық жарығы қызыл лазермен толықтырылған.

Интерьер дизайны

Қызыл түсі басым Renault TREZOR Concept-тің интерьер дизайны - сезімтал және тартымды. Біз көлік жүргізуден ләззат алуға ерекше назар аудардық және ең жоғары сапалы материалдарды, соның ішінде ағаш пен былғарыны қолдандық. Шебер қол жұмысы мен жоғары технологияны үйлесімді түрде біріктіретін концепт-кар салонынан болашақ модельдердің бұрынғыдан да талғампаз, анағұрлым сәнді және едәуір технологиялық интерьерін күтеміз.
Renault Z32 Concept
Ерекше жетілдіру
Спорттық және сәнді есіктер тіректің жоғарғы жағын жауып тұрған қызыл былғарымен ерекшеленеді. Бас тірегіштер автоматты түрде артқа қарай жылжиды, бұл жайлы салонның бір белгісі.
Renault Z32 Concept
Мінсіз үйлесім
Renault TREZOR Concept-те ағаштан жасалған қызыл аспаптар панелі пайда болды, онда заттарға арналған бөлік үйлесімді түрде орнатылған. Былғары белдіктермен бекітілген арнайы жасалған жүк жәшіктер қою қызыл тегіс былғарымен қапталған отырғыштардың бойында орналасқан. Үлкен сенсорлы экраны бар аспаптар панелінің ұқыпты сызығы хай-тек стиліндегі интерьерді үйлесімді толықтырып тұр.

Спорттық сипат және инновациялар

Renault TREZOR Concept инновацияларға деген ұмтылысымызды бейнелейді және спорттық электр жетегі мен "онлайн" жүргізу арқылы дербестікке жол ашады.
Тұжырымдамадан шындыққа дейін Бізде сізге арналған арнайы автокөлік бар
Renault модельдерінің қатары
Renault
Барлық концепт-карлар