Renault ALASKAN Concept

Дизайны
Renault ALASKAN Concept брендтің ерекшелігін дәстүрлі пикап эстетикасымен үйлестірген.
alaskan
Әсерлі
Renault ALASKAN Concept өзінің әсерлі көлемінің арқасында күш пен харизманы бейнелейді. Буылтық-буылтық әрі көлемді бүйір жақтары, айқын дөңгелек доғалары, 21 дюймдік жеңіл қорытпалы үлкен дөңгелек дискілері.
alaskan
Заманауи
Келісті капот, жылтыры бар металлик бояуы, шанақтың өңделген немесе жылтыратылған бөлшектері, есік айналарындағы, тежегіш қалыптардағы көк және сары элементтер, жеңіл қорытпалы дискілердің ортасындағы және алдыңғы тіркейтін ілгектегі C-тәрізді "бумеранг" шамдары, толық жарықдиодты жарықтар... Renault ALASKAN Concept өзінің заманауи сипатын растайды.
"Стиль тұрғысынан алғанда Renault ALASKAN Concept пикап сегментінің барлық стандарттарына сәйкес келеді: көлемі үлкен және қуат пен сенімділік әсерін береді. Сәнді алдыңғы торды пайдаланып Renault-ға ерекшелік бердік."

Лоренс Ван Ден Акер - Дизайн директоры   

Демалуға және жұмыс істеуге арналған автокөлік

Біз Renault ALASKAN Concept-ті жұмыс, демалыс және күнделікті өмір сияқты үш әлеміңіздің талаптарына сай етіп жасадық. Үш өлшемдегі өмірден ләззат алуға дайын болыңыз!
alaskan
Жұмысқа арналған
Renault ALASKAN Concept тұрақты шассимен жабдықталған, ол жолмен жақсы ілінісуді қамтамасыз етеді. Үлкен клиренстің арқасында көлік жүргізу кезінде нағыз жайлылық береді. Бір тоннадан асатын жүк көтергіштігі жүк бөлігінің ұзындығы мен ені бойынша әсерлі өлшемдермен үйлескен.
alaskan
Демалуға арналған.
Renault ALASKAN Concept ұзақ сапарлар, тосын оқиғалар мен спорт үшін өте қолайлы. Автокөліктің шанағын қорғаныс жабынымен және қақпақпен жауып, тауға арналған велосипедтерді, шатырларды, серфинг тақталарын және кемпинг жабдықтарын тасымалдауға болады. Барынша жайлылықтан ләззат алыңыз. Жоғары сапалы технологиялық жабдықтар онлайн режимінде қосылуға тамаша мүмкіндіктер береді. Әрбір қанатқа кіріктірілген камералар айналадағының бәрін түсіреді, соның арқасында сапарыңыздың жазбасын тамашалауға мүмкіндік береді.
alaskan
Әр күнге арналған оңтайлы шешім
Alaskan Concept - бұл сіздің күнделікті өміріңізге қалай бейімделу керектігін білетін жайлы автокөлік: әсерлі 21 дюймдік құйма дискілер, сізді пикап әлеміне шақыратын заманауи қала стилі және керемет интерьер. Спорттық және ұмтылғыш сызықтар өңделген және жылтыратылған алюминийден жасалған артқы Pure Vision жарықдиодты шамдармен толықтырылған, олар жарықты құрайтын C-тәрізді көрсеткіштермен қоршалған.

Таныс болыңыз: Пол

Alaskan Concept - саяхат деген сөздің синонимі. Бірнеше журналдарда жұмыс істейтін Пол есімді фотожурналист өзінің автокөлігімен кәсіби жабдықтарды тасымалдайды.
Renault ALASKAN Concept-тің арқасында Пол достарымен және отбасымен бірге уақытты рақаттана өткізе алады
Renault ALASKAN Concept - бұл бүкіл отбасының демалуына арналған жабдықтарды тасымалдайтын тамаша серіктес. Ал достарымен кездесетін уақыт келгенде Пол капоттағы шаңды жылдамдатып сүрте салады, мінеки, ол өзінің жайлы автокөлігін қаңтарып та жатыр.
Шведтік камера өндіруші Hasselblad © және Renault ALASKAN Concept
Renault ALASKAN Concept-тің толық әмбебаптылығын көрсету үшін біз дизайн саласында Hasselblad© компаниясымен жұмыс істей бастадық. Бұл шведтік камера өндіруші "Аполлон" миссиясына арналған жабдықты жеткізгенімен танымал, осы миссия барысында адам алғаш рет Айға ұшқан болатын.

Тұжырымдамадан шындыққа дейін?

Бізде сізге арналған арнайы автокөлік бар

Renault модельдерінің қатары