Неліктен Renault сервисі?

Кәсіби қызмет және әр клиентке деген ұқыпты қарым-қатынас

Кепілдік

Кепілдіктің болуы болашаққа сенімділік береді. Renault кепілдігі клиенттерімізді қиындықтардан арылтып, өмірлерін жеңілдетеді.
Renault кепілдік қызметі
Автокөлігіңізге қызмет көрсетуді бізге сеніп тапсырсаңыз, кепілдіктің келесідей түрлерін пайдалана аласыз:
  • жаңа автокөлікке кепілдік 
  • Барлық модельдерге 3 жыл немесе 100 000 км (коммерциялық көліктен басқа) және жүрісіне шектеу қойылмайтын коммерциялық көлікке 2 жыл;
  • тоттануға қарсы кепілдік - болат жайманың ішінен таралатын шанақтың өтпелі тоттануына кепілдік - 6 жыл;
  • Renault Assistance - жаңа автокөлікке кепілдік беру кезінде кепілдікке жататын, автокөліктің жүрмеуіне әкеп соғатын ақаулық орын алған жағдайда тегін     
  • Түпнұсқа бөлшектер мен жөндеу жұмыстарына кепілдік - 1 жыл.

Ерекше техникалық операциялар

Клиенттердің қауіпсіздігі мен қанағаттануы Renault үшін ең маңызды нәрсе болып табылады.
Renault шешімі
Ерекше техникалық операциялар жүргізуге мән беріңіз, оларды жүргізудегі мақсат – Сіздің қауіпсіздігіңіз
  • Renault компаниясы автокөлік бөлшектерін/торабын тексеру немесе тіпті, ауыстыру үшін арнайы техникалық операцияларды жүзеге асырады. Ол үшін сізге керегі:
  • Renault ресми дилерлік орталығының кепілдік жөніндегі инженерімен хабарласып, қажетті жұмыстар жүргізілетін күнді келісіп алыңыз;
  • дилерге барған кезде тексеру жүргізіледі және қажет болған жағдайда автокөлігіңіздің жеке бөлшектері/торабы тегін ауыстырылады.

Түпнұсқа Renault қосалқы бөлшектері

Түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолдана отырып, сіз ұзақ уақыт бойы кез келген жағдайда Renault-ға сенімді боласыз.
Renault-ның түпнұсқа қосалқы бөлшектерінің артықшылықтары
  1. Өндіруші түпнұсқа қосалқы бөлшектердің сапасына, олардың үйлесімділігіне және барлық техникалық талаптарға сәйкестігіне кепілдік береді.
  2. Түпнұсқа қосалқы бөлшектердің ассортименті автокөлікті жөндеу немесе қызмет көрсетуге қажетті бөлшектерге деген сұранысқа толық жауап береді.
  3. Тек ресми дилерлік орталықтарда түпнұсқа қосалқы бөлшектердің нақты каталогы бар, бұл тапсырысты қалыптастыру кезіндегі қателіктердің алдын алуға және контрафактілік өнімді сатып алудан өзіңізді сақтандыруға мүмкіндік береді.     
  4. Автокөлікке кепілдікпен қызмет көрсету және жөндеу кезінде техникалық орталықтардағы барлық операциялар автокөлікке кепілдікті сақтау талаптарына байланысты түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолдану арқылы ғана жүзеге асырылады.     
Motrio қосалқы бөлшектері
Кепілдіктен кейінгі автокөліктердің тиімді шешімі.
MOTRIO - бұл Renault компаниясына тиесілі бренд, осы атаумен бүкіл әлемде кепілдіктен кейінгі автокөліктердің қосалқы бөлшектері сатылады. MOTRIO қосалқы бөлшектерінің гаммасында кепілдіктен кейінгі Renault автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету үшін қолданылатын қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарының негізгі түрлерін ұсынады.

Пайдалану сипаттамалары бойынша MOTRIO қосалқы бөлшектері жетекші әлемдік брендтерден кем түспейді және сатқаннан кейінгі қызмет көрсету инженериясының түпнұсқа өнімдерге қойылатын талаптарына сәйкес келеді, олардың сапалы баламасы болып табылады. Motrio қосалқы бөлшектері Renault-ның жоғары стандарттарын ескере отырып өндірілген.

Renault-Castrol майы

Renault және Castrol автокөлігіңізге арналған мотор майын әзірлеу үшін өз күштерін біріктірді.
Мотор майы мен май сүзгісі үнемі ауыстырып отыруды қажет етеді. Renault қалыпты жағдайда майды жылына бір рет немесе 15000 км жүргенде немесе қозғалтқышты ауыр жағдайда қолдансаңыз, 2 есе жиі ауыстырып тұруды ұсынады.

Renault және Castrol мамандары Renault-ның жоғары талаптарына толық жауап беретін жоғары сапалы мотор майларының екі желісін ұсынады.

Renault-Castrol GTX  майларының топтамасы - майдан да артық. Бұл толығымен синтетикалық мотор майлары, қозғалтқышты күн сайын жағымсыз әсерлерден қорғайтын және оның жұмысының сенімділігін арттыратын техникалық шешімдер мен технологиялар кешені.     

Патенттелген "Fluid TITANIUM" технологиясы бар  Castrol EDGE  майларының топтамасы — бұл Castrol компаниясының ең озық технологияларын қамтитын толығымен синтетикалық мотор майлары. Титан қосылыстарының арқасында олар қысыммен өзгере алады, май үлдірін күшейтеді және үйкеліс шығынын азайтады, бұл автокөлігіңіздің қозғалтқыш мүмкіндіктерін барынша ашуға мүмкіндік береді.     

Біздің дилерлер сұрақтарыңызға қуана жауап береді