Өмір сүруге арналған инновациялар

Жабдық

Renault ARKANA - бұл су жаңа автокөлік: қолайлы әрі технологиялық. Қазіргі заманауи жүйелердің арқасында ол қалада ғана емес, қаладан тыс жерлерде де сенімді жол басшыңыз болмақ!
Жүргізудің үш режимі
Renault ARKANA жүйелері біртұтас организм тәрізді сізге бейімделуге дайын. MULTI-SENSE жүргізу теңшеулерін дараландыру жүргізушіге басқару стилін өз қалауы бойынша өзгертуге мүмкіндік береді: қозғалтқыштың жауабын бақылау, руль дөңгелегіндегі күш, жарық түсін таңдау және тағы басқалар.
arkana
MY SENSE режимі
Жүргізу стилінің жеке теңшеулері: руль дөңгелегіндегі күш, климатты бақылау режимдерін реттеу және Аmbient Light салон жарығы.
arkana
SPORT режимі
Қозғалтқыштың ең жоғарғы потенциалы және басқарудағы дәлдік. Бұл ретте бағыт тұрақтылығының жүйесі басқа режимдерге қарағанда кейінірек іске қосылады.
arkana
ECO режимі
Сапар барысында үнемділік пен жайлылықтың арасындағы теңгерім. Климатты бақылау жүйесі энергияны үнемдеу режимінде жұмыс істейді, ал салон жасыл атмосфералық жарыққа толы. Сонымен қатар бұл жанармайдың аз тұтынылуына ықпал ететін ең үнемді жүргізу режимі.
Сіздің темпераментіңізге сәйкес келеді
Алдын ала орнатылған MULTI-SENSE режимдері қозғалтқыш пен трансмиссияны қалауыңызға сәйкес реттеуге ғана емес, сонымен қатар Аmbient Light интерьерінің атмосфералық жарықтандыруын және климаттық қондырғының жұмысын басқаруға мүмкіндік береді.
Жүргізуден ғана, барлығынан рақаттану
Жүргізуден ғана, барлығынан рақаттану
8 дюймдік сенсорлық экраны бар жаңа мультимедиалық жүйе Яндекс.Автоның арқасында көлік жүргізу кезінде алаңдамай, телефондағы сүйікті навигация, музыка және қарым-қатынас қолданбаларын пайдалануға мүмкіндік береді.
Ерекше таза дыбыс
Сегіз жоғары технологиялық динамик, сабвуфер және премиум санатты BOSE аудиожүйесінің дыбыстық процессоры бар сандық күшейткіш жасайтын таза, қанық дыбыс пен жанды қойылым тәрізді атмосферадан ләззат алыңыз. Жүйе Renault ARKANA үшін арнайы жасалған, бұл дыбыс көздерінің оңтайлы орналасуын қамтамасыз етті және концерттік сапаға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Жүргізушіге көмек көрсету жүйелері

Renault ARKANA сіздің жол серігіңізге айналмақ! Жүргізушіге көмек көрсететін инновациялық жүйелер қаладағы тығыз ағында да, көлікті қаңтару кезінде де маневр жасауға пайдалы.
Көмек
arkana
Круиз-бақылау
Жылдамдықты шектеу қызметі бар круизді бақылау ұзақ сапарды қауіпсіз етеді әрі онша шаршатпайды.
arkana
Айналаны шолып қарау камералары
Айналаны шолып қарау камералары шолу шектеулі болатын кеңістікте көлікті қаңтарған кезде маневр жасауға көмектеседі.
Ескерту
arkana
Көрінбейтін аймақтарды бақылау жүйесі
Көрінбейтін аймақтарды бақылау жүйесі бүйірлік айналардың көріну аймағынан тыс автокөліктерді ескертіп, тығыз ағында маневр жасауға көмектеседі.
arkana
Шиналардағы қысымды бақылау жүйесі
Шиналардағы қысымды бақылау жүйесі дөңгелектердегі ауа қысымының аздап өзгергенін де ескертеді.
Алдын алу
arkana
ABS және ESP жүйелері
ABS және ESP жүйелері қауіпті жағдайды біледі және салдарын азайтуға көмектеседі.
arkana
Өрге шыққан кездегі көмек жүйесі
Hill Start Assist айтарлықтай көлбеу жолда жүруге көмектеседі.

Қазақстан жағдайына дайындығы

Renault ARKANA көптеген сенімділік сынақтарынан өтті, олар Альянс зертханаларында да, төтенше ыстық климатта және поляр шеңберінде, шаңды жолдарда және ылғалдылығы жоғары жағдайларда да жүздеген мың шақырым сынақтарды қамтыды!
arkana
Суық климатқа дайындық
Аяздан қорықпайды! Күн суығанда Renault ARKANA-ның алдыңғы және артқы орындықтарды, руль дөңгелегін жылыту, сондай-ақ алдыңғы әйнек пен жуғыш бүріккіштерін жылыту жүйесін қосуға болады.
arkana
Renault START
Көлігіңізді сапарға алдын ала дайындаңыз! Renault ARKANA қашықтан іске қосатын Renault START жүйесімен жабдықталған, бұл сізге қыста, жазда, кез келген ауа райында ыңғайлы ортада жылдам қозғалуға мүмкіндік береді.
arkana
Керемет геометрия
Тапталған жолдан бұрылып кетсеңіз, салдарын ойламай-ақ қойыңыз! 205 мм жоғары клиренс және қысқа тіректер ойлы-қырлы жерлермен қауіпсіз жүруге мүмкіндік береді.
arkana
360° қорғайды
Бағыттарды батыл жоспарлаңыз. Өйткені Renault ARKANA қозғалтқыш картерінің қорғанысымен және шанақтың қиыршық тасқа қарсы жабынымен, сондай-ақ толық өлшемді қосалқы дөңгелекпен жабдықталған. Батыл саяхатқа арналған.