Renault Sandero әлеміне қош келдіңіз

Renault SANDERO жабдығы

Қалалық хэтчбек

Үлкен қалада өмір сүрудің өзіндік ережелері бар, Renault SANDERO бұл қиындықты ескерген. Жайлы салон, сенімді әрі үнемді қозғалтқыш, шағын өлшемдер аталмыш қалалық хэтчбекті Renault-ның ең көп сатылатын модельдерінің біріне айналдырды.
Renault Казахстан

Шағын өлшемдер

Жаңа Renault SANDERO көлемі тіпті, ең тар жолдан оп-оңай өтіп кетуге және басқа көліктер қаңтара алмайтын жерге қаңтаруға мүмкіндік береді.

Ұзындығы: 4080 мм

Ені (бүйірлі айналарды қоспағанда): 1733–1757 мм 

Биіктігі: 1523–1618 мм
Renault Казахстан

Сыйымды жүк салғыш

Жүк салғыш көлемі - 320 литр, бұл қала сыртына баратын сапарыңызға қажет нәрсенің бәрін алуға мүмкіндік береді.
Renault Казахстан

Жиналмалы отырғыштар

Қажет болған жағдайда қашанда автокөліктің артқы отырғыштарын бүктеп, жүк салғыштың пайдалы көлемін 1 200 литрге дейін ұлғайта аласыз.
Renault Казахстан

Артқы тұрақ берілгілері

Renault SANDERO жүргізушіге автокөліктің артындағы кедергі туралы ескертетін артқы парктроникпен жабдықталған. Қажет болған жағдайда бұл функцияны жүргізуші жағындағы аспаптар панеліндегі тиісті батырманы басу арқылы өшіруге болады.
Renault Казахстан

Қарқынды әрі үнемді қозғалтқыштар

Жаңа Renault SANDERO "Еуро-5" стандарттарына сәйкес келетін бензин қозғалтқыштарының ауқымды желісін ұсынады: 8 клапанды қозғалтқыш 1,6 л (82 а.к.) және 16 клапанды қозғалтқыш 1,6 л (102 а. к.).
Renault Казахстан

"Суфлер" берілістерді ауыстыру

"Суфлер" қозғалтқыштың жылдамдығына, жүктемеге және жүргізушінің жүру стиліне байланысты берілістерді ауыстырудың ең жақсы сәтін көрсетеді, бұл қалалық трафикте жанармайды үнемдеуге көмектеседі.

Технологиялар

Renault инженерлері әзірлеген технологиялық шешімдер көлік жүргізу барысын барынша жеңілдетуге бағытталған және күн сайын автокөлік жүргізуден ләззат алуға мүмкіндік береді.
Renault Казахстан

Климат-бақылау

Климат-бақылау жүйесі салондағы белгіленген ауа температурасын автоматты түрде ұстап тұрады және жүргізуші мен жолаушыларға жайлылықты қамтамасыз етеді.
Renault Казахстан

Круиз-бақылау

Круиз-бақылау жүргізуші белгілеген автокөліктің жылдамдығын автоматты түрде сақтайды, соның арқасында аяғыңызды үнемі газ педалінде ұстап тұрудың қажеті жоқ.
Renault Казахстан

Аудиожүйе

Дыбысталуы жақсартылған: CD MP3, 4 динамик, дыбысты өңдеу жетілдірілген.

Құрылғыларды қосу мүмкіндігі: AUX, USB, Jack, Bluetooth®, аудиоағын, "бос қол" режимінде телефон қоңырауларын қабылдау.

Басқару оңай: рульдің астындағы джойстиктің көмегімен магнитоланы басқару мүмкіндігі бар.

Жаңартылған Media NAV мультимедиалық жүйесі

7” сенсорлық дисплейі бар жаңа буынның мультимедиалық Media NAV навигациялық жүйесі кез келген жағдайда таптырмайтын жолсерікке айналады. Навигация сізге ең қысқа бағытты таңдауға көмектеседі, ал телефонмен синхрондау сүйікті музыкадан ләззат алуға және жолға алаңдамай қоңырауларға жауап беруге мүмкіндік береді.
Renault Казахстан

Музыка

MP3 ойнатқышын немесе смартфонды USB, AUX және Bluetooth® арқылы қосыңыз да, сапар барысында сүйікті музыкаңыздан рақат алыңыз. Смартфонды мультимедиалық жүйемен синхрондау ойнатқыштың қызметтерін сенсорлық экранның немесе руль дөңгелегіндегі джойстик арқылы басқаруға мүмкіндік береді.
Renault Казахстан

"Бос қол" режиміндегі қоңыраулар

Bluetooth ® технологиясы "бос қол" режимінде қоңырау шалуға, телефонның жазба дәптерін пайдалануға және қоңыраулар тарихын көруге мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік

Renault SANDERO-ның белсенді және пассив қауіпсіздік жүйелері ең заманауи стандарттарға жауап береді және өзіңізді де, жолаушыларды да барынша қорғайды
Renault Казахстан

Қауіпсіздік жастықшалары

Renault SANDERO жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік жастықшаларымен, сондай-ақ алдыңғы бүйірлік жастықшалармен жабдықталған.
Renault Казахстан

Бұғаттауға қарсы ABS жүйесі

Бұғаттауға қарсы жүйе (ABS) төтенше тежеу жағдайында автокөліктің жоғары деңгейде басқарылуын сақтауға көмектеседі.
Renault Казахстан

ESP жүйесі

Бағыт тұрақтылығын тұрақтандыру жүйесі (ESP) басқару төмендеген кезде сізді сақтандырады және бұрылыстарда жоғары жылдамдықпен өтуге көмектеседі.
Renault Казахстан

Балалар орындықтарына арналған ISOFIX бекіткіштері

Артқы қатардағы Isofix бекіткіштерінің арқасында бүйірлік отырғыштарға екі балалар креслосын, ал ортасына әмбебап бекіту жүйесі бар балалар креслосын орнатуға болады.

Қазақстан үшін

Біз Renault SANDERO-ны Қазақстанға бейімдедік, ол өте суық қыс пен қатаң жол жағдайларына дайын деп сеніммен айта аламыз.
Renault Казахстан

Жоғары клиренс

Жүктемесі 155 мм тең жаңа Renault SANDERO клиренсі жолдағы кедергілерден оңай өтуге мүмкіндік береді. Саяжайға барған сапар да рақатқа бөлейтіні сөзсіз: хэтчбек қаладан тыс сапарларға бейімделген және аздап жолсыз жерлермен жақсы жүреді.
Renault Казахстан

Сенімді аспа

Сенімді және энергия сыйымды аспаның арқасында Renault SANDERO бұрынғыдай, тіпті, жақсара түсті деуге болады. Автокөлік тегіс асфальтпен де, шоқалақ қара жолмен де сенімді жүреді, аспа өте ойқы-шойқы жерлерді де білдіртпейді.
Renault Казахстан

Суық климатқа бейімделу

Алғаш рет Renault SANDERO-ның алдыңғы әйнегі кіріктірілген жылытуға ие. Әйнектің беткі қабатында түгел орналасқан жұқа және көрінбейтін сымдар жылдың суық мезгілінде мұз бен қарды оңай тазартады. Қозғалтқыш төмен температурада қа іске қосылуға дайын. Жоғары қуатты генератор электр жабдықтарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Барлық техникалық сұйықтықтар төмен температурада пайдалануға арналған.

Біздің дилерлер сұрақтарыңызға қуана жауап береді