Renault SANDERO дизайны

Экстерьері

Біздің дизайнерлер жаңа Renault SANDERO-ның экстерьерін толығымен жаңартты. Автокөліктің шанақ сызықтары біркелкі, радиаторының торы заманауи және фаралары жаңартылған. Бамперлердің түсі шанақтың түсіндей, бұл тұтас әрі үйлесімді бейне қалыптастырып тұр.
Renault Казахстан

Фаралардың жаңа оптикасы

Қос оптикалық фаралары мен күндізгі жарық шамдары бар алдыңғы бампер қалалық автокөліктің заманауи бейнесін көрсетеді.
Renault Казахстан

Артқы көрініс айналары

Бұрылу көрсеткішінің қайталағыштары бар артқы көрініс айналары автокөліктің сұлбасын толықтырып тұр.
Renault Казахстан

Жеңіл қорытпалы дискілер

Жеңіл қорытпалы 15" NEPTA сәнді дискілері, бұл дизайнды тартымды ете түсетін тағы бір бөлшек.

Интерьері

Renault SANDERO-ның кең салоны сапалы және қолайлы материалдарды қолдана отырып жасалған. Салон мен отырғыштарды безендірудің бірнеше нұсқалары қолжетімді. Өзіңізге сәйкес келетін Renault SANDERO таңдаңыз!
Renault Казахстан

Аспап панелі

Аспап панелінің жаңа дизайны барлық элементтердің ыңғайлы орналасуын және қозғалыс кезінде автокөліктің жағдайын оңай бақылауға мүмкіндік беретін ақпараттылықты үйлестірген.
Renault Казахстан

Жаңа қапталған орындықтар

Материалдың қолайлылығының арқасында салонның тартымды көрінісі ұзақ уақытқа сақталады және Сізге жайлылық пен ыңғайлылық сезімін береді.

Біздің дилерлер сұрақтарыңызға қуана жауап береді