Renault SANDERO Stepway City - бұл қала үшін арнайы жасалған, жаңа алдыңғы жетекті кроссовер. Динамика мен үнемділік үйлескен CVT Х-Tronic вариаторы бар заманауи күштік агрегат Сізге қала ағынында сенімді маневр жасауға мүмкіндік береді. Шағын көлемдер, технологиялық жабдықтар пайдалануды барынша жайлы етеді, ал есте қаларлық дизайн сіздің даралығыңызды ерекше көрсетіп тұрады.
sandero-stepway
Стиль
Renault SANDERO Stepway City-дің өзіне тән бейнесі автокөлікке ерекшелік беретін бөлшектерден тұрады.
renultsandero
Title
Шанақтың алдыңғы бөлігі Renault автокөліктерінің жаңа дизайн тұжырымдамасын бейнелейтін танымал эмблемамен және көлемді радиатор торымен ерекшеленеді.
Title
Төбедегі берік рейлингтер қосымша жүк салғышты ұстап тұра алады және автокөліктің жол талғамайтын сипатын баса көрсетеді.
Title
Фаралардың ерекше дизайны және жарықдиодты С-тәрізді күндізгі жарық шамдары заманауи көрініс береді.
Title
City логотипі бар орталық тіректер - бұл нұсқаның тағы бір ерекше белгісі.
Title
Алдыңғы және артқы бамперлерге арналған қара қаптамалар болмашы зақымданулардан қорғайды және автокөлік экстерьерінен алған әсерді толықтырады.
Title
"Қара жылтыр" болып келген айна корпустары қосымша контраст береді.
Title
Ерекше дизайндағы екі түсті дискілер Renault SANDERO Stepway City-дің жаңартылған бейнесін тиянақтап тұр.
Заманауи интерьер
Жаңа руль дөңгелегі
Жоғары сапалы материалдардан жасалған жаңа руль дөңгелегінің жетілдірілген эргономикасы оны қолмен ыңғайлы ұстауды қамтамасыз етеді.
Орындықтар ерекше қапталған
Stepway желісі үшін арнайы тозуға төзімді ыңғайлы материалдан фактурасы ерекше және сәнді сүргіленген отырғыштардың ерекше қаптамасы әзірленді, бұл салонның бастапқы қалпын ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді.
TWIST фактурасы
Stepway City топтамасы үшін арнайы әзірленген TWIST интерьерінің жаңа фактурасы қалалық автокөліктің заманауи стилін көрсетеді.
ТЕХНИКАЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Заманауи техникалық шешімдер Renault SANDERO Stepway City-ді жайлылықтың, динамиканың және басқарудың жаңа деңгейіне шығарады.
Renault SANDERO Stepway City-дің негізгі техникалық ерекшелігі - динамикалық қозғалтқыштың заманауи тиімділігі жоғары, сатысыз CVT Х-Tronic трансмиссиясымен үйлесуі. Бұл күштік агрегаттың бірқатар маңызды артықшылықтары бар:
Үнемділік
Сенімді және қолдануға ыңғайлы CVT Х-Tronic вариаторы қала ағынында жақсы қозғалыс қарқынын қамтамасыз етеді және отынды үнемдейді.
Манервлілік
Renault SANDERO Stepway City-дің рульдік күшейткіші қала ағынында және тұрақта маневр жасауды жеңілдетеді, сонымен қатар жоғары жылдамдықпен келе жатқанда сенімділік береді.
Жаңа Renault SANDERO Stepway City туралы білгіңіз келетін барлық нәрселер
7'' сенсорлы дисплейі бар Media Nav 4.0 - көп функционалды Renault мультимедиалық жүйесінің соңғы буыны, бұл автокөліктегі сенімді көмекші.
Климатты бақылау
Жаңартылған Renault SANDERO Stepway City-дің салондағы температураны автоматты түрде ұстап тұратын заманауи климатты бақылау жүйесінің арқасында өзіңізге қажет атмосфераны қалыптастыра аласыз.
Артқы қатардағы жолаушыларға арналған 12В розетка бар
Екінші қатардағы жолаушылардың орындықтары деңгейінде орнатылған 12В қосымша розетка электронды гаджеттерге қуат беруге мүмкіндік береді.
Қазақстан жағдайларына бейімделуі
Алдыңғы әйнекті жылыту
Жаңартылған Renault SANDERO Stepway City-мен сапарға дайындалу үшін уақыт қажет емес. Алдыңғы әйнектің беткі қабатын түгел электрмен жылыту оны санаулы минут ішінде қар мен мұздан тазартуға мүмкіндік береді.
Қозғалтқышты қашықтан іске қосатын Renault Start жүйесі
Қозғалтқышты қашықтан іске қосатын Renault Start жүйесі қозғалтқышты алдын ала жылытуға және салондағы жайлы температураны теңшеуге мүмкіндік береді. Жүйені кілттегі түймешені басу немесе MediaNav 4.0 мультимедиалық жүйесінің көмегімен бағдарламалау арқылы іске қосуға болады.
Сенімді суықтай іске қосу
Сыйымдылығы ұлғайтылған аккумулятордың және суық климатқа бейімделудің арқасында жаңартылған Renault SANDERO Stepway City қозғалтқышының тіпті, аязды күндері де сенімді іске қосылатынына сенімді бола аласыз.
Қауіпсіздік
Автокөлікті тұрақтандыратын ESP жүйесі
Renault SANDERO Stepway City нұсқасы автокөлікті тұрақтандырудың қарқынды жүйесімен (ESP) жабдықталған, ол жолдағы қиын жағдайларды шешуге, сырғанаған жағдайда қозғалыс траекториясын түзетуге көмектеседі.
ESP жүйесі жүргізушінің аяғын тежегіш педалінен газ педаліне ауыстыру мүмкіндігін беру үшін автокөлікті бірнеше секунд бойы көлбеу ұстап тұратын HSA (іске қосу кезінде көмек) қызметін қамтиды.
Тежегіш күшін электронды түрде тарататын бұғаттауға қарсы жүйе (EBD)
Жаңартылған Renault SANDERO Stepway City тежегіш күштерді электронды түрде тарататын (EBD) бұғаттауға қарсы ABS тежеу жүйесімен жабдықталған, бұл тіпті, біртекті емес жолда да тежеуді тиімді етеді. Қажет болған кезде жүйе автоматты түрде ең жоғарғы тежеу күшін қолданады. ABS іске қосылатын кезде тежеу күші тежеудің басынан бастап қолданылады, оны жүйе төтенше жағдай деп қабылдайды.
4 қауіпсіздік жастықшасы
Алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастықшалары жаңартылған Renault SANDERO Stepway City-дің жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді.
ISOFIX жүйесі
ISOFIX бекіту жүйесі артқы орындыққа екі балаға арналған креслоны сенімді және артық күш жұмсамай орнатуға мүмкіндік береді.