Renault KAPTUR әлеміне қош келдіңіз

Renault KAPTUR жабдығы

Мультимедиалық жүйелер

BOSE ®: дыбысты жетілдіру

Әр жазбадан ләззат алыңыз
Сүйікті музыкаңызды концертте отырғандай тыңдаңыз. Премиум санатты BOSE® аудиожүйесі - бұл 6 жоғары технологиялық динамик, Fresh Air технологиясы бар сабвуфер және дыбыстық процессоры бар сандық күшейткіш. Саяхат кезінде көлемді және жоғары сапалы нақты дыбысқа тәнті болыңыз.

Көлік жүргізген кезде рақатқа бөленіңіз


Қауіпсіздікте болыңыз

Автокөлікте белсенді және пассив қауіпсіздіктің барлық қажетті жүйелері көзделген, олар жолда сізге сенімділік береді
Renault KAPTUR

Тұраққа қою кезінде көмек көрсету жүйесі

Айналаны шолу камералары шектеулі шолу кеңістігі жағдайында тұраққа қою кезінде маневр жасауға көмектеседі.         
Renault KAPTUR

Бұрылуды жарықтандыру функциясы

Бұрылуды қосымша жарықтандыру функциясы бар тұманға қарсы шамдар жолдың нашар жарықтандырылған жерлерінде көруді жақсартуға және бұрылу кезінде кедергіні тезірек анықтауға мүмкіндік береді.
Renault KAPTUR

Көрінбейтін аймақтарды басқару жүйесі

Бүйірлік айналардағы LED-сигналдар маневр жасау кезінде соғылып қалудың алдын алу үшін басқа көліктің көрінбейтін аймақта бар екенін ескертеді.         
Renault KAPTUR

Бағыт тұрақтылығының жүйесі

Бағыт тұрақтылығының жүйесі (ESP) автокөліктің жол жабынымен ілінісуі уақытша жоғалған жағдайда оның жүрісін бақылауға көмектеседі.
Renault KAPTUR

Жедел тежеу күшейткіші

Жедел тежеу күшейткіші (AFU) төтенше жағдайларға тән тежегіш педалін күрт басуды бірден біледі және тежеу жүйесіндегі қысымды ең жоғарғы деңгейге дейін арттырады, бұл тежеу жолын қысқартады.         
Renault KAPTUR

Hill Start Assist жүйесі

Hill Start Assist технологиясы өрге көтерілген кезде артқа қарай жүріп кетуге жол бермеуге көмектеседі. Қорықпай қозғала бастауыңыз үшін жүйе тежеуіш тетіктері есебінен автокөлікті бірнеше секунд ұстап тұрады.         
Renault KAPTUR

Күшейтілген шанақ пен қауіпсіздік жастықтары

Шанақ конструкциясында соққы болған жағдайда арнайы деформация аймақтары көзделген, бұл қауіпсіздік жастықтарымен үйлесіп, апат кезінде жүргізуші мен жолаушыларды қорғауға мүмкіндік береді.

Жылы опциялар

Renault Kaptur

"Бос қол" функциясы және Renault қозғалтқышын қашықтан іске қосу жүйесі бар кілт картасы

"Бос қол" функциясы бар кілт картасы автокөлікті ашуға, жабуға және оталдыруға көмектеседі. Қозғалтқышты қашықтан іске қосатын Renault Start жүйесі үйде болған кезде-ақ автокөлікті алдын ала оталдырып, жылытуға мүмкіндік береді.         

Renault Start-ты кілт картасы арқылы немесе easy LINK мультимедиалық жүйесі арқылы іске қосуға болады. Екінші жағдайда Renault Start жүйесінің қажетті уақытта іске қосылуын алдын ала бағдарламалайсыз.
Renault Kaptur

Руль мен айналарды жылыту

Руль дөңгелегін жылыту функциясы қысқы сапарларыңызды бұрынғыдан да жағымды етеді. Іске қосылғаннан кейін бір мезетте-ақ руль дөңгелегі бетінің температурасы ыңғайлы болады. Айналарды жылыту қызметін іске қоссаңыз болғаны, жолға шыға бересіз!         
Renault Kaptur

Алдыңғы әйнек пен артқы қатар орындықтарын жылыту

Renault KAPTUR жылыту жүйесінің арқасында ең қатты аязда көлік жүргізу кезінде де жайлылықтан ләззат алыңыз. Әйнектің бүріккіштерін және алдыңғы әйнектің беткі қабатын түгел жылыту қызметі оны қар мен мұздан тез тазартуға және көліктің қозғалуына мүмкіндік береді. Ал алдыңғы және артқы орындықтарды жылыту салонда қосымша жайлылықты қамтамасыз етеді.         

Қазақстан үшін жасалған

Renault KAPTUR - Қазақстан үшін жасалған толық жетекті кроссовер. Renault KAPTUR-ді жүргізген кезде кез келген жолда және ауа райында өзіңізді жайлы сезінесіз.

Сенімді жарықтандыру

Renault KAPTUR-дің керемет дизайны кез келген сападағы жолдарда ыңғайлы жүруге мүмкіндік беретін сенімді және энергияны көп қажет ететін аспамен тамаша үйлеседі.         

Көптеген сынақтар жүрістің керемет біркелкілігін ғана емес, сонымен қатар қара жолдар мен ойлы-қырлы жерлерде жүрсе де жүріс бөлігі элементтерінің ұзақтығын растады.      

Интеллектуалды толық жетекті жүйе

Renault KAPTUR-дің толық жетекті нұсқалары жоғары сенімділікке ие және күрделі жолсыз жағдайларға жақсы бейімделген интеллектуалды толық жетек жүйесімен жабдықталған.         

Жүйе үш режимде жұмыс істейді:   
– 2WD режимі: жетек тек алдыңғы дөңгелектерде жүзеге асырылады, бұл отын шығынын оңтайландырады;         
– 4WD Lock режимі: айналу сәті алдыңғы және артқы ось арасында теңдей бөлінеді, сонда автокөлік кедергілерге (мысалы, ұзаққа созылған тайғанақ өрлер және т.б.) сенімді түрде төтеп береді:         
– AUTO режимі: айналу сәті жол түрі мен сапасына және автокөліктің жылдамдығына байланысты алдыңғы және артқы дөңгелектер арасында автоматты түрде бөлінеді. 

Жол талғамайтын көлік геометриясы

Renault KAPTUR-дің керемет геометриясы бар: кедергілерден өтудің үлкен бұрыштары (көтерілу бұрышы – 20 градус, түсу бұрышы – 31 градус) және санаттағы рекордтық жол саңылауы (жарақталған массасы 205 мм). Мұндай құрылым қаладағы көліктер ағынында жүргізушінің ыңғайлы әрі жоғары отыруын, шолудың үлкен бұрыштарымен бірге жолда және тұрақта қосымша сенімділік сезімін қамтамасыз етеді.