Renault KAPTUR дизайны

Бір көргеннен-ақ әсер етеді

Renault KAPTUR

Фирмалық стиль

Хромдалған элементтері бар сәнді радиатор торы - жаңа Renault KAPTUR-дің динамикалық бейнесіндегі әсерлі бөлшек. Тордың бейнесі - талғампаз әрі баршаға белгілі өткір ұшты акцентті жаңа формасымен назар аудартады.
Renault KAPTUR

Жаңа доңғалақ дискілері

Талғампаз бейнені ерекше Kapraо түріндегі алмазмен өңделген жаңа доңғалақтық 17 дюймдік дискілер толықтырып тұр.
Renault KAPTUR

Әсерлі көрініс

Жарықдиодты жарықтандыру барлық жерінде бар! Алдығы және артқы оптика, күндізгі жарық шамдары, бұрылу сигналын қайталағыштар және тұманға қарсы шамдар — бұл жаңа Renault KAPTUR-дің сәнді бейнесін баса көрсететін және тәуліктің кез келген уақытында автокөліктің көрініп тұруына мүмкіндік береді.

Жайлылықтан ләззат алыңыз

Renault KAPTUR

Жаңартылған интерьер

Интерьерді әрлеудің жұмсақ және сапалы материалдары жайлылық сезімін тудырады, ал басқару пернелерінің жаңаша орналасуы интуитивті түсінікті және автокөліктің барлық функцияларын жолда пайдалануды бұрынғыдан да ыңғайлы етеді.

Renault KAPTUR

Рульдегі жайлылық

Renault KAPTUR салонында жайлылықтың жаңа деңгейін сезініңіз! Заманауи орталық консоль салонды эстетикалық теңгерімді және функционалды етеді. Орталық шынтақшаны және сусындарға арналған екі стақан қойғышты пайдалану арқылы автокөлікке бұрынғыдан да ыңғайланып отыра аласыз. Екінші қатардағы жолаушылар үшін жеке құрылғыларға қуат беруге арналған бөлек USB-жалғағыш қарастырылған.
Renault KAPTUR

Жолаушылар мен қол жүгіне арналған кеңістік

Renault KAPTUR таңдау арқылы сіз жайлылықты таңдайсыз. Ыңғайлы және тиімді кроссоверге бес адамға дейін отыра алады. Жүк бөлігінің көлемі 387 л құрайды, артқы қатардың жиналмалы отырғыштардың арқасында (1/3 және 2/3 арақатынаспен) 1 200 л дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Кең саңылау (1002 мм), қосымша жарықтандыру және артқы орындықтарды бүктеу мүмкіндігі жүк салғышқа жүк салуды ыңғайлы етпек. Салонға орнатылған қосымша сақтау орындары әрқашан қажетті заттардың қол созым жерде болуына мүмкіндік береді.

Renault KAPTUR

Жайлылық инновациялары

Жаңа Renault KAPTUR-ді басқару бұрынғыдан да ыңғайлы. Артқы көрініс айнасы электрхромды жабынның арқасында артқы автокөліктердің жарық шамдарына төтеп береді. Жылдамдықты шектейтін круиз-бақылау ұзақ жолды ыңғайлы етеді.

Сыртқы жарықтандыру және әйнек тазалағыштарды автоматты түрде қосылып-өшетіндей баптауға болады. Электр күшейткіші мен айналаны шолып қарау жүйесінің арқасында тұрақта оңай маневр жасай аласыз. Бүйірлік айналардың қауіпсіздігіне алаңдамай-ақ қойыңыз, автокөлікті тұраққа қойып, одан алыстағаннан кейін олар автоматты түрде жиналады.