Жаңа Renault DUSTER

Жабдығы

Өзіңе Жаңа Renault DUSTER аш!

Жаңа DUSTER шынымен де 4 жиынтықта қолжетімді жаңа жабдықтың мөлшерімен, соның ішінде DUSTER үшін алғаш рет жаңа максималды жиынтықпен таң қалдырады. Барлық жаңа опциялар жүргізуші мен барлық жолаушылардың жайлылықта саяхаттайтынын растайды.
Салонда сақтау орындарының үлкен көлемі - 27 литрге дейін
Жаңа DUSTER-де сақтау орындарының санын арттырудың арқасына салонға көптеген заттарды орналастыруға болады. Бұл қалталары бар жаңа есік карталары, шыныаяқ ұстағыштар және алдыңғы шынтақ таяныштағы контейнер. Алдыңғы жолаушыға арналған жаңа сөре, мысалы, бұған алыс экспедициялар кезінде рацияны қоюға болады.

Easy Link мультимедиялық жүйесі

Жаңа DUSTER пайдаланушы бейіндерін жекелендіру, 4х4 жаңа мониторы және Android Auto хаттамалары мен Яндекс.Навигатор үшін Яндекс.Авто қосамшалары арқылы қосылу мүмкіндігі бар жаңа 8 дюймдік жоғары ажыратымдылықтағы мультимедиялық экранға ие болды.
Android Auto®

  • Google навигациясының барлық мүмкіндіктерін пайдаланыңыз: нақты уақыттағы кептелістер туралы ақпаратты алыңыз, жолақты таңдау бойынша кеңестер алыңыз және бағдарды құрыңыз. 
  • Рульдегі, дисплейдегі немесе жай дауыспен дауыстық басқару арқылы қоңыраулар мен хабарламаларды басқарыңыз.
  • Google Play Music немесе Яндекс.Музыкада сүйікті ойнату тізімін іске қосыңыз және дауысты пайдаланып өлең жолдарын ауыстырыңыз.
  • Дауыстық көмекшіге навигацияны басқаруға мүмкіндік беріңіз. Жай ғана: "Окей Google!" деп айтыңыз.
Яндекс.Навигатор
Сіз Еasy Link Яндек.Навигаторды Яндекс.Авто қосымшасы арқылы экранға шығара аласыз және жолда көптеген мәселелерді шеше аласыз, мысалы: кептелістерді ескере отырып бағдарлар құру, тұрақ орындары мен жанармай құю станцияларын табу, техникалық көмек шақыру. "Алиса" дауыстық көмекшісі сізді жолдан көңіліңізді бөлмеу үшін әрдайым навигацияны басқаруға қуанышты болады.
Айнала шолу камералары жүйесі
Жаңа DUSTER-де қолжетімді мүлдем жаңа опция қалада тұрақ орнында да, жолсыз жерлерде де, тасты немесе басқа кедергілерді айналып өтуде де пайдалы болады. Автокөліктің периметрі бойынша орналасқан 4 камера (біреуі радиатор торында, екеуі бүйірлік айналарда және артқы көрініс камерасында) ерекше қиын жағдайларда автокқліктің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік

Автокөліктегі сөзсіз басымдық - бұл жүргізушінің және оның барлық жолаушыларының қауіпсіздігі. Жаңа DUSTER пассивті қауіпсіздіктің жаңа нұсқаларымен де, белсенді қауіпсіздікке қатысты маңызды дайындығымен де мақтана алады.
6 қауіпсіздік жастығы
Алғаш рет DUSTER-де сіз терезе перделерін опция ретінде қосып, 6 қауіпсіздік жастығына тапсырыс бере аласыз — олар алдыңғы және артқы терезелерді жабады. Сонымен қатар, барлық нұсқаларда әрдайым 2 алдыңғы қауіпсіздік жастығы болады, ал Drive нұсқасынан бастап алдыңғы жастықшалармен қатар, бүйірлік жастықшалар да болады .

Белсенді қауіпсіздік жүйелері

Заманауи белсенді қауіпсіздік жүйелері Жаңа DUSTER жүргізушісіне кез-келген жағдайда автокөлікті басқаруға көмектеседі .

ABS / AFU

Бұғаттауға қарсы жүйе және шұғыл тежеу кезіндегі көмектесу жүйесі - Жаңа DUSTER-дің барлық нұсқалары үшін стандартты жабдықтау.

ESP

Барлық толық жетекті нұсқалары үшін негізгі ESP жүйесі тайғақ жолдарда траекторияны сақтауға көмектеседі. Қажет болған жағдайда (мысалы, жолсыз жерлерде) ESP жүйесі мен сырғанауға қарсы жүйені AUTO режимінде 50км/сағ дейінгі және LOCK режимінде 80км/сағ дейінгі жылдамдықта батырмамен өшіруге болады.

Hill Start Assist

Тежегіш педалін жібергеннен кейін еңісте автокөлікті қолдайтын, көтеріле бастаған кездегі ассистент  МБҚ-мен нұсқалары үшін пайдалы опция болып табылады, ол қозғалыстың кері шегінусіз басталуын қамтамасыз етеді.