Renault LOGAN дизайны

Renault LOGAN-ның жаңартылған дизайны Сізді өзінің қарапайымдылығымен және сәнділігімен таңғалдырады. Седанның классикалық пішіні, айқын көлбеу сызықтар және әсерлі ерекшеленген доңғалақ аркалары, өз сегментінде дизайнның жаңа дәуірін аша отырып, заманауи әрі қарқынды бейне қалыптастырды.
Logan

Алдыңғы бампер

Ірі эмблемасы мен көлемді торы бар шанақтың алдыңғы бөлігі Renault автокөліктерінің жаңа дизайн-тұжырымдамасын іске асырған.      
Logan

Фаралар

Қос оптикалық фаралар мен күндізгі жүріс шамдары (DRL) автокөліктің заманауи бейнесін қалыптастырған.
Logan

Артқы көрініс айналары

Бұрылу көрсеткішінің қайталағыштары бар артқы көрініс айналары автокөліктің сұлбасын толықтырып тұр.
logan

Дискілер

Жеңіл қорытпалы 15" DEL ARTE дөңгелек дискілері.

Интерьер дизайны

Жаңа Renault LOGAN салоны - бұл модельдің бірінші буынымен салыстырғанда бір қадам жоғары. Сапалы материалдар, ойластырылған эргономика және жаңа әрлеу бөлшектері сізге ерекше жайлылық сезімін береді.
Logan

Аспаптар панелі

Аспаптар панелінің жаңа дизайны, заманауи жабдықтар мен хромдалған элементтер нағыз заманауи автокөлік екенін сезіндіреді. Барлық теңшеулердің орналасу эргономикалығы көлік жүргізуге ғана көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Logan

Жаңа қапталған орындықтар

Дизайнерлер орындықтарды қаптайтын матаның бірнеше нұсқасын Renault LOGAN үшін арнайы әзірледі. Материал қолайлы болғандықтан, салонның тартымды сыртқы түрі ұзақ уақыт бойы сақталады және сізге жайлылық пен ыңғайлылық сезімін береді.
Logan

Рульдің былғары торламасы

Рульдің сәнді және ұстаған кезде жағымды былғары торламасы жаңа Renault LOGAN-ның салонын жылтыратып қана қоймайды, сондай-ақ кез келген ауа-райы жағдайында автокөлікті анағұрлым ыңғайлы жүргізуді қамтамасыз етеді. Қыста былғары торлама салқындамайды, ал жазда ылғалды сіңіреді де, алақанның сырғуына жол бермейді.

Біздің дилерлер сұрақтарыңызға қуана жауап береді