Renault Logan Stepway City

Renault LOGAN Stepway City - жаңа сәнді кросс-седан. City нұсқасы CVT Х-Tronic вариаторы бар динамикалық және үнемді күштік агрегаттың арқасында қала жағдайларына жақсы бейімделген, ал аңызға айналған Renault Logan аспасы жолдар аяқталған жерде де сенімді қозғалуды қамтамасыз етеді. Renault LOGAN Stepway City-дің жігерлі сипаты мен есте қаларлық дизайны сізді бей-жай қалдырмайды.

Стиль

Renault LOGAN Stepway City-дің қарқынды бейнесі автокөлікті ерекше ететін айрықша бөлшектерден тұрады.
Renault Казахстан

Фаралардың өзіндік дизайны және жарықдиодты С-тәрізді күндізгі жарық шамдары автокөлікке заманауи көрініс береді.     

Шанақтың алдыңғы бөлігі фирмалық эмблемамен және Renault автокөліктерінің жаңа дизайн тұжырымдамасын бейнелейтін радиатордың берік торымен ерекшеленеді.
Renault Казахстан
City логотипі бар орталық тіректер автокөліктің ерекше сипатын көрсетеді.
Renault Казахстан
Алдыңғы және артқы бамперлерге арналған қара түсті қаптамалар болмашы зақымданулардан қорғайды және Renault LOGAN Stepway City-ге тән бейнені қалыптастырады.
Renault Казахстан
"Қара жылтыр" болып келген айна корпустары бұрынғыдан да көбірек контраст береді.
Renault Казахстан
Ерекше дизайндағы екі түсті дискілер Renault LOGAN Stepway City-дің ерекше дизайнын тиянақтап тұр.

Заманауи интерьер


Техникалық артықшылықтары

Заманауи техникалық шешімдер Renault LOGAN Stepway City-ді жайлылықтың, динамиканың және басқарудың жаңа деңгейіне шығарды.

Динамикасы

Renault LOGAN Stepway City-дің негізгі техникалық ерекшелігі - динамикалық қозғалтқыштың заманауи, тиімділігі жоғары, сатысыз CVT Х-Tronic трансмиссиясымен үйлесуі. Бұл күштік агрегаттың бірқатар маңызды артықшылықтары бар:

Үнемділік

Сенімді және қолдануға ыңғайлы CVT Х-Tronic вариаторы қала ағынында жақсы қозғалыс қарқынын қамтамасыз етеді және отынды үнемдейді.

Маневрлілігі

Renault LOGAN Stepway City-дің рульдік күшейткіші қала ағынында және тұрақта маневр жасауды жеңілдетеді, сонымен қатар жоғары жылдамдықпен келе жатқанда сенімділік береді.

Жаңа Renault LOGAN Stepway City туралы білгіңіз келетін барлық нәрсе

Ақпаратты PDF түрінде жүктеңіз


Жайлылық технологиялары

Мультимедиалық жүйе
7'' сенсорлы дисплейі бар Media Nav 4.0 - көп функционалды Renault мультимедиалық жүйесінің соңғы буыны, бұл автокөліктегі сенімді көмекші.
Климатты бақылау
Жаңартылған Renault LOGAN Stepway City-дің салондағы температураны автоматты түрде ұстап тұратын заманауи климатты бақылау жүйесінің арқасында өзіңізге қажет атмосфераны қалыптастыра аласыз.
Артқы қатардағы жолаушыларға арналған 12В розетка бар
Екінші қатардағы жолаушылардың отырғыштары деңгейінде орнатылған 12В қосымша розетка электронды гаджеттерге қуат беруге мүмкіндік береді.

Қазақстанға бейімделуі

Renault Казахстан

Алдыңғы әйнекті жылыту

Жаңартылған Renault LOGAN Stepway City-мен сапарға дайындалу үшін уақыт қажет емес. Алдыңғы әйнектің беткі қабатын түгел электрмен жылыту оны санаулы минут ішінде қар мен мұздан тазартуға мүмкіндік береді.
Renault Казахстан

Қозғалтқышты қашықтан іске қосатын Renault Start жүйесі

Қозғалтқышты қашықтан іске қосатын Renault Start жүйесі қозғалтқышты алдын ала жылытуға және салондағы жайлы температураны теңшеуге мүмкіндік береді. Жүйені кілттегі түймешені басу немесе MediaNav 4.0 мультимедиалық жүйесінің көмегімен бағдарламалау арқылы іске қосуға болады.
Renault Казахстан

Сенімді суықтай іске қосу

Сыйымдылығы ұлғайтылған аккумулятордың және суық климатқа бейімделудің арқасында жаңартылған Renault LOGAN Stepway City қозғалтқышының тіпті, аязды күндері де сенімді іске қосылатынына сенімді бола аласыз.

Қауіпсіздік

Автокөлікті тұрақтандыратын ESP жүйесі

Renault LOGAN Stepway City нұсқасы автокөлікті тұрақтандырудың қарқынды жүйесімен (ESP) жабдықталған, ол жолдағы қиын жағдайларды шешуге, сырғанаған жағдайда қозғалыс траекториясын түзетуге көмектеседі.

ESP жүйесі жүргізушінің аяғын тежегіш педалінен газ педаліне ауыстыру мүмкіндігін беру үшін автокөлікті бірнеше секунд бойы көлбеу ұстап тұратын HSA (іске қосу кезінде көмек) қызметін қамтиды.     
Тежегіш күшін электронды түрде тарататын бұғаттауға қарсы жүйе (EBD)
Жаңа Renault LOGAN Stepway-дің барлық нұсқалары тежегіш күштерді электронды түрде тарататын (EBD) бұғаттауға қарсы ABS тежеу жүйесімен жабдықталған, бұл тіпті, біртекті емес жолда да тежеуді тиімді етеді. Қажет болған кезде жүйе автоматты түрде ең жоғарғы тежеу күшін қолданады. ABS іске қосылатын кезде тежеу күші тежеудің басынан бастап қолданылады, оны жүйе төтенше жағдай деп қабылдайды.
4 қауіпсіздік жастықшасы
Алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастықшалары жаңартылған Renault LOGAN Stepway City-дің жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді.
ISOFIX жүйесі
ISOFIX бекіту жүйесі артқы орындыққа екі балаға арналған креслоны сенімді және артық күш жұмсамай орнатуға мүмкіндік береді.