Жаңа Renault LOGAN Stepway жабдықтары

ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІК ДИЗАЙНЫ

Көптеген адамдар седан шанағын талғампаз сұлбасы мен орнықты бейнесі үшін ұнатады. Алайда олар Қазақстан жағдайына оңтайлы бейімделген кроссовердің қолайлылығы мен функционалдығын бағалайды. Біз екеуінде де кездесетін жақсы тұстарын алдық та, жаңа Renault LOGAN Stepway кросс-седанын жасадық.
Renault Казахстан

Сәнді жол талғамайтын көлік дизайны

Жаңа Renault LOGAN Stepway-ді сәнді әрі қолайлы деп сипаттауға болады. Жаңа ауыр бамперлер, сәнді хромдалған қаптамалар, дөңгелекті доға кеңейткіштері және шанақтың 360° пластикалық қорғанысы жаңа Renault LOGAN Stepway-ді SUV санатты автокөліктермен жақындастырады, бұл автокөлікке қолайлылық береді, енді көлігіңіздің шанағы сенімді қорғалған, жаңа көкжиектерді оңай бағындырасыз.
Renault Казахстан

Жоғары жол саңылауы

Жоғары жол саңылауы Renault LOGAN Stepway кросс-седанына кедергілерден сенімді түрде өтуге мүмкіндік береді. Жаңа Renault LOGAN Stepway клиренсі Renault LOGAN-мен салыстырғанда ұлғайған және 195 мм құрайды.
Renault Казахстан

16 дюймдік дискілер

Жаңа дизайнды су жаңа 16 дюймдік дискілер жаңа Renault LOGAN Stepway-дің жол талғамайтын көлік бейнесімен тамаша үйлескен.

Современный интерьер

Renault Казахстан

Жаңа руль дөңгелегі

Жоғары сапалы материалдардан жасалған жаңа руль дөңгелегінің жетілдірілген эргономикасы оны қолмен ыңғайлы ұстауды қамтамасыз етеді.
Renault Казахстан

Орындықтар ерекше қапталған

Stepway желісі үшін арнайы тозуға төзімді ыңғайлы материалдан фактурасы ерекше және сәнді сүргіленген отырғыштардың ерекше қаптамасы әзірленді, бұл салонның бастапқы қалпын ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді.

Жайлылық технологиялары

Жаңа MediaNav 4.0 мультимедиалық жүйесі байланыста болуға және жол жағдайын бақылауға көмектеседі.
7’’ сенсорлы дисплейі бар жаңа буынның MediaNav кез келген жағдайда таптырмайтын көмекші болып табылады. Жүйенің автокөліктегі CAN-шинасымен екі жақты байланысы Renault Start® жүйесін басқару қызметтерін ғана емес, сонымен қатар климаттық қондырғының жұмыс режиміндегі өзгерістерді және басқа да деректерді көрсетуге мүмкіндік береді.

"Бос қол" қызметі бар қатты дауыс жүйесі жолға алаңдамай, телефон арқылы сөйлесуге мүмкіндік береді.     

Қазақстан жағдайына бейімделуі

Renault Казахстан

Қозғалтқышты қашықтан іске қосатын Renault Start жүйесі

Қозғалтқышты қашықтан іске қосатын Renault Start бірегей жүйесі қозғалтқышты алдын ала қыздыруға және салондағы жайлы температураны жылдам қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жүйені кілттегі түймешені басу арқылы немесе оны MediaNav мультимедиалық жүйесінің көмегімен бағдарламалау арқылы қоса аласыз.
Renault Казахстан

Алдыңғы әйнекті жылыту

Алдыңғы әйнектің беткі қабаты түгел қызады, бұл оны санаулы минуттардың ішінде қар мен мұздан тазартуға мүмкіндік береді. Жаңа Renault LOGAN Stepway-мен сапарға дайындалу үшін уақытыңызды зая кетірмейсіз
Renault Казахстан

Климатты бақылау

Салондағы белгіленген ауа температурасын автоматты түрде ұстап тұратын және жүргізуші мен жолаушыларға жайлылық беретін заманауи климатты бақылау жүйесінің арқасында суық кезде де, ыстық кезде де жаңа Renault LOGAN Stepway салонында өзіңізді жайлы сезінесіз.


Қауіпсіздік

Renault Казахстан

Тежегіш күшін электронды түрде тарататын бұғаттауға қарсы жүйе (ABS)

Жаңа Renault LOGAN Stepway-дің барлық нұсқалары тежегіш күштерді электронды түрде тарататын (EBD) бұғаттауға қарсы ABS тежеу жүйесімен жабдықталған, бұл тіпті, біртекті емес жолда да тежеуді тиімді етеді. Қажет болған кезде жүйе автоматты түрде ең жоғарғы тежеу күшін қолданады. ABS іске қосылатын кезде тежеу күші тежеудің басынан бастап қолданылады, оны жүйе төтенше жағдай деп қабылдайды.
Renault Казахстан

ESP

Көлікті тұрақтандырудың динамикалық жүйесі - бұл сырғудың алдын алуға мүмкіндік беретін белсенді қауіпсіздік жүйесі.
Renault Казахстан

4 қауіпсіздік жастықшасы

Алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастықшалары жаңа Renault LOGAN Stepway қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.